04 қыркүйек, 14:47
Алматылықтар Қазақстан аумағында Қытай кәсіпорындарының саллынуына қарсы шықты. Тұрғындардың пікірінше, ел экономикасын жақсарту үшін мемлекетке шетелдік жұмысшылар қажет емес.
Жиналғандар кезек-кезегімен топ ортасына шығып, өз шағымын айтуда. Наразылық білдіргендерге Алматы әкімінің орынбасары Сапарбек Тұяқбаев келді.
Әкім орынбасары әңгіме ескі зауыттар туралы емес екенін атап өтті. Сондай-ақ, Қазақстан заңына сәйкес қытайлықтардың жұмыс істеуіне жол берілмейтінін хабарлады. Алайда тұрғындар қала әкімі Бақытжан Сағынтаевтың өзі шығып жауап беруін талап етті.
Айта кетейік, жиналғандар жуырда ғана қытайлық зауыттардың салынуына қарсы шыққан Жаңаөзен халқына осылайша қолдау білдірді.