Апаттың орын алуына құбырлардың тозуы себеп болған. Қала әкімдігінің мәліметінше, 700 мм диаметрлі құбыр желісі 1971 жылы пайдалануға берілген.
Коммуналды қызметшілер Бөкейханов-Райымбек көшелері маңындағы жарылған жылу желісін қалпына келтіруде. Оған тоғыз бригада жұмылдырылған. Қазіргі кезде жылы су сорып алынуда және істен шыққан құбыр желісінің сегменті ауыстырылып жатыр.
Тиісті сала басшылары жағдайды өз бақылауларына алған. Бірнеше сағат ішінде тұрғындарға ыстық су берілетін болады.
ФОТО: Қала әкімдігінің баспасөз қызметі