Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов Көктөбеде көшеттер қалып қойғаны үшін сөгіс алды.
«Ағаш – қаланың да, бүкіл халықтың да нығметі. Бүйтуге болмайды. Көптеген көшеттің Көктөбенің баурайында қалдырылғаны ешбір сын көтермейді. Қайырымды істің быт-шыты шықты. Сондықтан әкімнің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапановқа сөгіс жариялаймын. Істі бастадың ба, бітіру керек. Қолыңнан келмейтін іске араласпа», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев Алматы қаласы дамыту мәселелері жөніндегі кеңесте.