Апат Бөкейханов пен Райымбек көшелерінің қиылысында орын алды. Төтенше жағдай орын алған сәттің суреті мен видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті. Куәгерлердің айтуынша, көше бойында кетіп бара жатқан көліктер ыстық су астында батып қалған. Жүргізушілер көлік үстіне шығып кеткен. Алдын ала болжам бойынша, бұл апатқа су құбырының жарылуы себеп болған. Оқиға орнында коммуналды сала қызметкерлері жұмыс жасап жатыр.
ФОТО: Tengrinews.kz