Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 17 қараша күні Текелі қаласындағы кафелердің бірінде орын алған. Ер кісі бұзақылық жасады деген күдікпен ұсталды, деп хабарлайды Elitar.kz.
Оқиға куәгерлері атқа мінген күйі кафеге кіріп кеткен ер кісіні видеоға түсіріп алып, оны полиция департаментінің INSTAGRAM парақшасына жолдаған.
"Әлеуметтік желіде жария етілген видеоны полицейлер мұқият зерттеп, жедел іздестіру шаралары барысында бұзақылық жасаған күдікті анықталды. Ол Текелі қаласының 32 жастағы тұрғыны болып шықты. Күдікті ұсталды, аталған факт бойынша жиналған деректер сотқа жіберілді" делінген Алматы облыстық полиция департаментінің таратқан мәліметінде.
Күдікті ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 434-бабы "Ұзақ бұзақылық" бойынша жауапқа тартылды. Талдықорған әкімшілік сотының шешімімен ер кісі бес тәулікке қамалды.