Алматы облысында бір адам коронавирусқа шалдықты

21 наурыз, 14:43

Денсаулық сақтау министрлігі Қазақстанда тағы бір коронавирус жұқтыру дерегі тіркелгенін мәлімдедді. Қауіпті індетке шалдыққан азамат Алматы облысының тұрғыны. Қазіргі таңда елімізде коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 53-ке жетті. Олар: Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 28 адам, Алматы қаласында – 22 науқас, Қарағанды қаласында - 2, Талдықорған қаласында - 1 науқас.