Алматы облысында ер кісі көршісінің екі сиырын атып тастады

14 қараша, 12:30

Оқиға Кербұлақ ауданында болған. 13 қараша күні түнде полицейлерге Шоқан ауылының екі тұрғыны арыз түсіріп, өз шағымында 1966 жылы дүниеге келген ауылдасы екі сиырын атып өлтіргенін көрсеткен. Жәбірленушілер өздеріне келтірілген шығын көлемін 600 мың теңгеге бағалаған.

Алматы облыстық полиция департаментінің мәліметінше, ішімдік ішкен 1966 жылғы тұрғын «ИЖ-18» аңшы қаруымен екі сиырды атып тастаған. Күдіктінің сөзінше, малдар оның ауласына кіріп кетіпті. Қазір аталған факті бойынша ҚР ҚК 316-бабына (Жан-жануарларға қиянат жасау) сәйкес сот-алды тергеу жүріп жатыр. Сондай-ақ, күдікті қаруды заңсыз сақтағаны үшін де жауапкершілікке тартылады. Себебі жануарларды атуға қолданған қару еш жерде тіркелмеген болып шықты.