Алматы облысындағы жазасын өтеушілер азапталған колония бастығы қызметінен босатылды

29 шілде, 18:30

Желіде түзету мекемесінің қызметкерлерінің сотталушыларды қорлап жатқан видеосы пайда болды, деп хабарлайды elitar.kz.

Жасырын бейнекамералардың бейнежазбасында колония қызметкерлері сотталғандардың бірін спортзалдың еденіне жатқызып қойып азаптап жатыр. Осы уақытта көрші бөлмеде үш қызметкер бір адамды қолынан керіп асып қойған. Олардың бірі тізесімен қамалушының басынан тепті.

Құзырлы мекеме болған жайтты растады.

"Желіде жазасын өтеп жатқан сотталушылар мен Алматы облысы бойынша қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ЛА-155/8 мекемесі (Заречный кенті) қызметкерлерінің заңсыз әрекеттері жазылған бейнежазба жүктелген", - деп хабарлады ІІМ.

Түзету мекемесінің басшысы қызметінен алынды.

"Комитеті қызметтік тексеру жүргізіліп, оның қорытындысы бойынша біз тәртіптік комиссия отырысын өткіздік. Алматы облысы бойынша ҚАЖК департаментінің 14 қызметкері жазаланды. Оның ішінде жеті қызметкер жұмыстан босатылды. Оқиға орын алған ЛА-155/8 мекемесінің бастығы қызметінен босатылды. Оның екі орынбасары жұмыстан босатылды",-деп хабарлады арнайы баспасөз мәслихатында.