Алматы полициясы көше бойындағы жезөкшелерге рейд жүргізді

02 шілде, 12:00

Сағынтаевтың ескертуінен кейін түнде Алматыдағы Сейфуллин көшесі бойында 50 жезөкше ұсталған.

"Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың тапсырмасы бойынша жергілікті рейдтер ұйымдастырылды"-, деп хабарлады полициядан. Оған учаскелік полиция қызметкерлері, СОБР жауынгерлері және полицияның жылжымалы пункттері қатысты.

"Өткен бір түнде ғана Сейфуллин даңғылында 130 адам ұсталды. Олардың ішінде ақшалай сыйақы үшін жыныстық қызмет көрсететін 53 әйел, пәтерді жалға беретін 13 адам, жеңіл мінез-құлықты қыздарды тасымалдауға арналған 5 жалдамалы жүргізуші және басқалары бар", - деді Алматы қаласы полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Ізбасар Бектұров.