"Алматы-Өскемен" тас жолында автобус аударылды

25 қыркүйек, 10:32

Көлік апаты оқиғасы бүгін таңғы сағат 06:20 кезінде Шығыс Қазақстан облысы аумағындағы «Алматы-Өскемен» автожолының 812 шақырымында орын алды.

Автобуста 25 жолаушы болған, оның екеуі зардап шекті.

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің мәліметінше, автобус техникалық тексеруден биыл 17 маусым күні өткен. Аталған жол учаскесінде «К-Дорстрой» АҚ тарапынан жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан. Бірақ жолаушылар үшін жол бойында арнайы белгілер қойылған. Қазіргі таңда полицейлер көлік апатының орын алу себебін анықтап жатыр.

Алдын ала болжам бойынша жүргізуші ұйықтап кетіп, автобус аударылған.