Алматы тұрғындары 1 млн дана масканы қымбат бағаға сатпақ болған

20 наурыз, 11:20

Алматы қалалық экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері жоғары бағамен медициналық маска сатумен айналысқан Алматы қаласының бірнеше тұрғынын ұстады . Бұл туралы Қаржы мониторингі комитетіне сілтеме жасап Elitar.kz хабарлайды.

"Төрт сауда нүктесінен кәсіпкерлік қызметпен айналысатын рұқсат құжаты жоқ қала тұрғындары ұсталды. Олар жоғары бағамен медициналық маска сатып келген. Рейд шаралары нәтижесінде жалпы сомасы 191 млн теңге тұратын 1 053 520 маска тәркіленді. Тәркіленген барлық маска Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына берілді. Қазіргі уақытта аталған факті бойынша ҚР ҚК 214-бабы 1-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу жұмыстары басталды" делінген комитет хабарламасында.