Алматыда шамамен 25 мың қорап контрафактілі темекі сатпақ болғандар ұсталды, деп хабарлайды Алматы қаласы бойынша экономикалық тергеу департаментіне сілтеме жасап Elitar.kz.
Жедел-іздестіру шаралары кезінде қалалық экономикалық тергеулер департаменті есептік бақылау маркалары жоқ темекі өнімдерін анықтады.
«Алматы қаласының С. есімді тұрғыны есепке алынбаған «Milano» маркалы 49 қорап (24500 бума/қорап темекі) үшін 5,5 млн теңгеден астам қаражат алып жатқан жерінде ұсталды. Қазіргі уақытта ҚРҚК 214-бабы 1-бөлігі (заңсыз кәсіпкерлік) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде" делінген ведомство мәліметінде.