ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Алматы халықаралық әуежайының сатылуына қатысты пікір білдірді. Бұл туралы министр Үкімет отырысынан кейін БАҚ өкілдерінің сауалына жауап беру кезінде айтты.
«Бүгінде бір түрік компаниясымен келіссөз жүріп жатыр. Дәл қазіргі сәтте нақты пікір білдіре алмаймын. Бұл әзірше аяқталмаған мәміле. Алматы әуежайы жеке компанияның меншігінде тұр. Сондықтан сатылым жүріп жатыр. Бізбен келісілуі тиіс сәттер бойынша Азаматтық авиация комитеті қажетті процедураларды жүргізіп жатыр... Меніңше, сервистік қызмет көрсету сапасын жақсарту және қосымша инвестиция тарту бөлігінде бұл жақсы қадам болмақ. Білуімше, басқаруында бірнеше әуежай бар компания келеді. Оның басқаруында Францияда екі әуежай бар секілді», - деді Бейбіт Атамқұлов.