Әуе айлағының баспасөз қызметі Алматы әуежайындағы орындықтардың "бомждарға" бола алынып тасталғандығын түсіндіріп берді, деп хабарлайды Elitar.kz.
Алматы әуежайы ақпаратты растады: әуежайдағы жалпы аймақтан барлық орындықтар шынымен алынып тасталған.
"Соңғы
уақытта шағымдар көбейіп кетті, белгісіз
адамдар: бомждар және таксистер түнейді
деген шағымдар көбейді. Біз бұл орындардағы
адамдардың жолаушылар емес екенін жиі
байқаймыз. Мезгіл-мезгілімен оларды
шығаруға тырысамыз, бірақ барлығын
бірдей қамти алмаймыз. Қазір кеңістікті
оңтайландыру мәселесі тұр: қалған
аймақтардағы креслолардың санын арттыру
(тіркеу және жинақтаушы) және тіркеу
аймағын ұлғайту", – деді Алматы
халықаралық әуежайының баспасөз хатшысы
Наталья Соколова.
Әуежайдағылар
жолаушылар жаңа өзгерістерге байланысты
белгілі бір қолайсыздықтарға тап болуы
мүмкін деп мойындайды. Десе де аталған жайтқа байланысты олардың өз уәждері бар.
"Бірақ
жолаушылар рейске алдын ала онлайн
тіркелуге, келіп, багажды тапсыруға
және алаңсыз отырып күтетін жерге өтуге
болатынын біледі", - деп толықтырды
әуежайдың баспасөз хатшысы.
Айта кетейік, бұған дейін Парламент Мәжілісінің депутаты Ирина Смирнова Алматы әуежайының күту залында отыруға арналған орындардың болмауына наразы болған болатын.