Алматылық полицейлер арнайы рейд кезінде түнгі көбелектердің ордасын анықтады. Оның екеуі Түрксіб, үшіншісі Әуезов ауданындағы қонақ үй кешенінде болған.
Полиция департаментінің мәліметінше, өткен аптада жүргізілген тексеру кезінде полицейлер рейдті ЖИТС орталығы мамандарымен бірге жүргізді. Орталық өкілдері жылжымалы зертхана көмегімен интимдік қызметін ұсынып келген қыздардан сынама алған. Тексеру жұмыстарының бір күнінде 30 әйел полиция бөлімшесіне жеткізілді. Оның үшеуі Өзбекстан азаматшалары.
Айта кетейік, 11 ақпанда басталған рейд кезінде полиция бөлімшелеріне 245 жеңіл жүрісті қыз жеткізілді. Олардың қатарында Қазақстан мен Өзбекстаннан бөлек, Ресей, Қырғызстан, Украина азаматшалары бар. Департаменттің хабарлауынша, жезөкшелер ордасын ұйымдастырған азаматтармен қоса ғимарат иелері де жауапқа тартылатын болады.