Алматыда денсаулық сақтау басқармасының бұрынғы басшысы Серікбол Мусинов пара берді деп күдіктеліп отыр. Енді ол осы айып бойынша сот алдында жауап береді. Бұл туралы қалалық соттың баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Elitar.kz.
"Медеу аудандық № 2 сотына Серікбол Мусиновқа қатысты іс келіп түсті. Оған ҚР ҚК-нің 367-бабында, 3- бөлігі, 1, 2-тармақтары бойынша (пара беру) айып тағылып отыр ", - қалалық соттың баспасөз хатшысы.
Айта кетейік, экс-шенеунік қаланың бас дәрігері қызметіне 2017 жылдың қарашасында тағайындалған. Ал 2018 жылдың қыркүйегінде орнынан босап қалды.