Олардың тіпті Қазақстан азаматы екендігін растайтын құжаты да болмаған, деп хабарлайды Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz.
«Бір ай бұрын Бостандық ауданы полиция басқармасының көші қон қызметіне апалы-сіңлі екі тұрғын құжат рәсімдеуге көмек сұрап жүгінген. Айтуларынша, олар ата-анасы Кореяға кеткен соң ұзақ жылдар бойы әжесімен бірге тұрған. Қолдарында туу туралы куәлігінен басқа жеке басын куәландыратын басқа ешқандай құжат болмаған. 16 жасқа толған соң отбасылық проблемаларға байланысты әрі тұрғылықты мекенжайы болмаған соң қыздар құжат рәсімдемеген"-деді ПД Көші-қон басқармасының басшысы Асхат Бутунчинов.
Қыздар тұрмысқа шығып, балалы болған соң талай кедергілерге тап болған. Балаларына туу туралы куәлік рәсімдей алмаған. Сонымен қатар жәрдемақы мен өзге де көмектерден тыс қалған.
Көші-қон басқармасындағылар қыздардың құжаттарын қарай келе Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы заңының 3-бабымен олардың елдің азаматы екенін растайтын құжат рәсімдеу туралы шешім шығарып, жақында апалы-сіңлілер құжаттарын алды.