Алматыда қарияны көлік қағып өлтірді

29 шілде, 10:34

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, ​қайғылы оқиға дүйсенбіге қараған түні Абай даңғылына жетпей Алтынсарин көшесінде болған.

Оқиға куәгерлері Mercedes C Алтынсарин көшесімен солтүстік бағытта кетіп бара жатқанда, екі жаяу жүргінші рұқсат етілмеген жерде жолдан өтпек болғанын айтты. Жүргізуші тоқтап үлгермей, бар жылдамдықпен 71 жастағы қарияны қағып кеткен.
1948 жылы туған ер адам оқиға орнында қаза тапты. Ал әйел адам ауруханаға жатқызылған.