Олардың жағдайы туралы дәрігерлер айтып берді, деп хабарлайды Elitar.kz қалалық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
№ 7 клиникалық қалалық ауруханасына 1991 жылғы екі науқас түскен.
"Біреуінің басы жарылған (бас сүйек миы жарақат алған, миы шайқалған, оң жақ төбе сүйегі сынған). Жағдайы орта деңгейлі ауырлық. Екіншісі бас сүйек ми жарақатын алған, (миы шайқалған). Жағдайы орта деңгейлі ауырлық. Үшінші науқас Орталық қалалық ауруханасында, сол жақ жіліншігі сынған, оң қолының шынтақ бөлігі сынған . Сол иығы жырылған. Жағдайы орта деңгейлі ауырлық", - делінген денсаулық сақтау басқармасының хабарламасында.
Оқиға 26 тамызда шамамен таңғы сағат 5-те Алматы қаласының Бостандық ауданында болған. Бір топ жігіт екі көліктің жүргізушілерімен жанжалдасып қалған.