Алматыда ашуланған жолаушы автобус жүргізушісіне пышақ тығып алды

30 қыркүйек, 18:33

Оқиға кешке түнгі сағат 22:00 шамасында орын алған. Жандосов көшесімен жүріп келе жатқан №126 бағыттағы автобус жүргізушісі мен жолаушы өзара ерегісіп қалады. Сол сәтте 28 жастағы жүргізушіге жолаушы пышақ сұғып алған. Қоғамдық көлік тізгіндеген жас жігіт ауруханаға жеткізілді. Қазіргі таңда амбулаторлық ем қабылдап жатыр.

«Бұл факті сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізілімінде ҚР ҚК-нің 293-бабы 3-бөлігіне сәйкес тіркелді. Қылмысты ашу үшін арнайы жедел-тергеу тобы құрылды.Қазіргі уақытта күдіктіні анықтау және оны ұстау бойынша жедел және арнайы шаралар кешені жүргізілуде», - деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.