Малшыны өлтірді деген күдікке 59 жастағы әйел адам ілініп отыр.
Оқиға 19 қазан күні түнде Жамбыл ауданында, Мыңбаев ауылынан он шақырым жерде орналасқан қыстақтардың бірінде орын алған.
Алматы облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қыстақтан ер адамның денесі табылған. Оның жүрегіне пышақ жарақаты салынған. Мерт болған адам Іле ауданының 46 жастағы тұрғыны болып шықты. Оның осы қыстақта малшы болып жұмыс істегені анықталды.
"Оқиға орнына жеткен Жамбыл ауданының жедел-тергеу тобы адам өлтірді деген күдікпен 59 жастағы әйел адамды ұстады. Күдікті өз кінәсін мойындап отыр.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Қажетті сараптамалардың барлығы тағайындалды. Ас үй пышағы айғақ зат ретінде тәркіленді. 59 жастағы әйел қамауға алынды" делінген полиция департаменті берген мәліметте.
Тергеу барысында белгілі болғаны, ШҚО қаласынан келіп, аспасз болып жұмыс істеп жүрген күдікті әйел жәбірленуші оның намысына тиетін сөздер айтып, әркез тиісетінін жеткізген. Ал қанды қылмыс әйелдің туған күнінде орын алған.