Алматы қаласына қарасты Жетісу ауданының әкімі Мақсат Қиқымов өзінің INSTAGRAM парақшасы арқылы халықтан 14 жастағы оқушы іздеуде көмек беруін сұрады.
"Күнту Шерхан Тұрмаханбетұлы, 31.10.2005 жылы дүниеге келген. 8-сынып оқушысы. 20 ақпан күні үйінен шығып, осы уақытқа дейін оралмаған.
Бойы: 1,50 см, шашы қара түсті. Қандай да бір ақпарат болса, жазуларыңызды және осы постты репост жасауларыңызды сұраймын" деп жазды аудан әкімі.
Айта кетейік, жасөспірімнің жоғалғаны туралы ата-анасы кеше кешкі сағат тоғыздар шамасында білген. Дереу полицияға арыз қалдырып, қазіргі таңда оқушыны іздеу бойынша арнайы топ құрылды.
Мектеп оқушысы үйінен шыққанда қара куртка, джинсы, көк кроссовкамен шыққан, қолында қара түсті сөмке болған.