Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Ауыр атлетикадан олимпиадалық даярлау орталығының басшысы мен осы кәсіпорынның бас есепшісіне қатысты пара алды деген күдікпен сотқа дейінгі тергеуді бастады.
ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің мәліметінше, күдіктілер алдын ала сөз байласып, Жамбыл облысында оқу-жаттығу жиынын өткізу бойынша мемлекеттік сатып алу туралы жасалған келісімшартқа сыйақы ретінде кәсіпкерден 6 млн 625 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді.
Кеше, 17 желтоқсанда аталған азаматтар ұсталды. Сотқа дейінгі тергеу жалғасуда.