Алматыда баласын шыбын ұрғышпен ұрған әке жауапқа тартылмақ

15 қазан, 16:35

Ер кісінің ұлын ұрған сәтінің видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті. Видеодадан белгісіз ер кісі ұлын шыбын ұрғышпен салып жібергенін байқауға болады. Артынша ол қолына жерде жатқан темірге ұқсас затты алады.

Бұл оқиғаны Алатау аудандық полиция қызметкерлері әлеуметтік желілерді бақылау кезінде анықтаған.

Алматылық полицейлердің мәліметінше, бұл оқиға "Рахат" шағынауданында орын алған. Тәртіп сақшылары видеодағы ер кісіні бірден анықтапты. Ол 38 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Ер кісі видеодағы әрекетін жоққа шығармаған, айтуынша 2008 жылы дүниеге келген баласын осылайша тәрбиелемек болған. Полицейлер орын алған жайтқа қатысты баланы ұру дерегі бойынша әкімшілік материал жинақтап, ол іс сотқа жолданатын болады.