Алматыда төрт жарым жастағы өз ұлын қатты соққыға жығып, оны тал түбінде тастап кеткен әкеге қатысты сот үкімі шықты, деп хабарлайды Elitar.kz. Алматыда төрт жарым жастағы ұлын ұрып талдырды деген күдікпен ұсталған әке Мұрат Асқароғлыға қатысты сот үкімі шықты
Мұрат Асқароғлы ҚР ҚК 99-бабының 2-бөлімі 3-тармағымен және ҚР ҚК 24-бабының 3-бөлімімен кнәлі деп танылды. Сот оған 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шықғарды. Жазасын өтеу мерзімі 2018 жылдың 2 тамызынан, яғни, ұсталған уақыттан бастап есептелетін болады.
Еске салсақ, 2018 жылы 16 шілдеде Алматыда Одесская мен Брянскай көшелерінің қиылысынан тұрғындар төрт жарым жастағы баланы тал түбінен тауып алған. Бүлдіршінге шұғыл түрде ота жасалынды. Бастапқыда оны көлік қақты деген болжам шықты. Кейін әкесі ұлын өзі ұрғанын мойындап, қазақстандықтардан кешірім сұрады. Қатыгез әке мастықтан баласының еркелігін көтере алмай, оны таспен ұрғанын айтты.