​Алматыда басына мұз түсіп кеткен зейнеткер көз жұмды

20 қараша, 16:29

Оқиға Алматыдағы Бостандық ауданында бүгін түс уақытында орын алған, деп хабарлайды Elitar.kz.

Марков көшесіндегі көпқабатты тұрғын үйлердің төбесінде тұрған мұз кесегі әйел адамның басына құлап түсті. Болжам бойынша мұз 11 қабат биіктіктен түскен. Тұрғын оқиға орнында көз жұмды.

Төтенше жағдай орнына барған полицейлер көз жұмған әйелдің жеке басын анықтады. Ол көрші үйде тұратын 60 жастағы әйел азаматы болып шықты. Бұл оқиғаны құзырлы органдағылар тіркеуге алды. Қазіргі таңда бұл жағдай жазатайым оқиға ретінде қарастырылуда.