Танымал фигуристке арналған ескерткіш Алматының орталығына қойылады, деп хабарлайды Elitar.kz.
Денис Тен қорының ақпараты бойынша, ашылу 11:00-де, Байсеитова мен Құрманғазы көшесінің қиылысынды өтеді.
Естеріңізге
сала кетейік, бұрын ескерткіш 13 маусымға
— қаза тапқан фигуристің туған күніне
белгіленген еді, бірақ техникалық
себептерге байланысты кейінге
ауыстырылды.
Денис Тен 19 шілде 2018
жылы қайғылы қазаға ұшырады. Алған пышақ
жарақатынан спортшы ауруханада көз
жұмды. Атақты мәнерлеп сырғанаушының
туыстары мен жақындары Денистің жобаларын
жалғастыру үшін қоғамдық қор ашты.