Тілсіз жаумен кұреске 36 адам және 12 техника жұмылдырылды, деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып Elitar.kz .
Алматы қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне Брусиловскиий көшесіндегі № 134 үйден хабарлама сағат 8:36 түскен.
Өрт сөндіру бригадасы оқиға орнына бірнеше минутта жетті. Болжам бойынша «Пазанда» атты екі қабатты дәмхананың шатыры өртке оранған. Қазір өрт толық сөндірілді.