Алматыда дәрігерлер 100 теңгелік тиын жұтып қойған баланы аман алып қалды

18 қазан, 18:15

​Алматылық дәрігерлер алты жасар баланың асқазанынан 100 теңгелік тиынды алып шықты, деп хабарлайды қоғамдық денсаулық сақтау басқармасына сілтеме жасап Elitar.kz.

Балаларға арналған медициналық жәрдем орталығына алты жастағы баласын алып келген келіншек ұлының тиын жұтып қойғанын айтып көмек сұрған.

«Шұғыл түрде баланың асқазаны рентгенге түсірілді. Рентген кішкентай баланың асқазанында бөтен зат, яғни, 100 теңгелік тиын бар екенін көрсетті. Дәрігерлер операциясыз эндоскопиялық жолмен асқазаннан бөтен затты шығарды. Ота сәтті өтті. Бүгін бала ауруханадан шығарылды»- деді басқармадағылар.

Айта кетерлігі, медициналық орталықтың мәліметінше, жыл басынан бері онда әртүрлі заттарды жұтып қойған 120-ға жуық бала келіп түскен.