Жол көлік оқиғасынан зардап шеккен 8 адам ауруханаға жеткізілді.
"Жол көлік оқиғасы Шоссейная мен Боралдай көшесінің қиылысында орын алған.
"КамАЗ" Боралдай көшесінің бойымен батыс бағытта бас жолда қозғалып, сол кезде Шоссейная көшесінің бойымен кенеттен бас жолға шағын автобус шығып қалған. "Камаз" жүргізушісі тоқтап үлгермеді және микроавтобусты қағып кетті. Салдарынан жүргізуші мен микроавтобустың жеті жолаушысы әртүрлі жарақаттармен ауруханаға жатқызылды", - деп хабарлады сәрсенбі күні оқиға куәгері.
Одан әрі жағдайды анықтаумен полиция айналысуда.