Алматыда карантин кезінде азық-түлік дүкендерін тонаған шетел азаматтары ұсталды

21 сәуір, 12:10

Қылмыстық топ құрамында қазақстандық та болған.

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Грузия мен Әзірбайжанның үш азаматы жергілікті ер азаматпен бірге шағын дүкендерді тонаумен айналысқан.

"Кейбір жағдайларда дабылды өшіру үшін олар жарықты алдын-ала сөндірген. Күдіктілер қамауға алынды. Бүгінгі таңда олардың осыған ұқсас үш қылмыстық эпизодқа қатысы бар екендігі дәлелденді. Ұсталғандардың үшеуі – Грузия мен Әзербайжан азаматтары екендігі анықталды, тағы біреуі – біздің жерлесіміз. Жедел-іздестіру шаралары жалғасып жатыр», – делінген департамент хабарламасында.