Төбелестің видеосы әлеуметтік желілерде тарап кетті. Видеодан белгісіз ер азаматтың қолында пышаққа ұқсас заттың болғанын байқауға болады. Алайда бұл оқиға бойынша полицейлерге ешкімнен шағым келіп түспеген.
Алматы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі берген мәліметке сенсек, екі жүргізуші кезекке таласып, ерегіскен. Кикілжің төбелеске ұласқан. Бұл оқиға бойынша тексеру шараларын қолға алған полицейлер екі жүргізушіден де жауап алды. Олар бір-біріне ешқандай шағым түсіурмейтінін айтып, тарқасқан. Ал қолында бөгде зат болған ер кісіге қатысты жекелеген тексеру іс-шаралары ұйымдастырылатын болады.