Алматы қаласында коммуналды қызмет мамандары соққыға жығылды, деп хабарлайды Zakon.kz-ке сілтеме жасай отырып Elitar.kz. Шабуылшылар оқиға орнынан қашып кеткен.
Желіде жантүршігерлік оқиғаның видеосы пайда болды. Кадрларда қоқыс тасығыш экипаждың мүшелеріне бір топ адам тап берген. Төбелес барысында шабуылшылардың бірі қызметкерді сұлатып салды.
«Мұстафин
көшесінде төрт мас халдегі ер адам
коммуналдық қызмет қызметкерлерін
соққыға жыққан. Зардап шеккендер бар.
Шабуылшылар қылмыс орнынан жасырынған,
- делінген жарияланған материал астында.
Оқиға
орнына келген дәрігерлер есінен танып
қалған бір қызметкерді алып кетті.