Алматыда тұрғын үйдегі лифтідегі батырмалардың бірін түкіріп кеткен ер кісі 15 тәулікке қамауға алынды.
Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, ер кісінің әрекеті лифтідегі бақылау камерасына түсіп қалған. Оның үстінен Әкімшілік құқықбұзушылық кодексінің 434-бабы, яғни, ұсақ бұзақылық, сонымен қатар 476-бап (Төтенше жағдай режимін бұзу) бойынша іс қозғалды. 1979 жылы дүниеге келген азамат қалалық мамандандырылған ауданаралық сотының шешімімен кінәлі деп танылып, 15 тәулікке қамауға алынды.
Еске салсақ, бұған дейін әлеуметтік желілерде белгісіз ер кісінің лифтіден шығып жатып, батырманы түкіріп кеткен сәтінің видеосы қызу талқыланды. Белгілі болғаны, бұл оқиға Алматыдағы «Алатау сити» тұрғын үй кешенінде орын алған. Қамауға алынған ер кісі ол әрекетін ашумен байланыстырып, ондағы тұрғындардан кешірім сұрады.
Видео: polisiа.kz