Алматы қаласы, Медеу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының екі қызметкеріне пара алды деген айып тағылды, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметке сілтеме жасап Elitar.kz.
Медеу ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының «Заңды тұлғалардың және жеке кәсіпкерлердің ақпаратын қабылдау және өңдеу, салықтық тіркеу орталығы» бөлімінің басшысына және осы бөлімнің бас маманына қатысты жүйелі түрде пара алу күдігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Ведомство мәліметінше, олар жеке кәсіпкердің шотын бұғаттан шешу және әкімшілік жауапкершілікке тартпау үшін жеке кәсіпкерлердің өкілдерінен 30-40 мың теңге көлемінде (тұрмыстық сыбайлас жемқорлық) пара алғаны үшін күдікті деп танылған. Күдіктілердің кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.