Алматыда плакат ілемін деп істі болған Роман Захаров босатылды

30 сәуір, 11:06

Алматыда суретші Роман Захаров босатылды. Енді ол 5 тәулік қамауда отырмай, тек айыппұл төлейтін болды, деп хабарлайды Elitar.kz.

"29 сәуірде Алматы қалалық сотының апелляциялық сатысы Медеу ауданы прокурорының апелляциялық өтініші бойынша Роман Захаровқа қатысты мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотының қаулысын қарап шықты. Бұрын бес тәулік мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі жаза апелляциялық алқаның қаулысымен әкімшілік айыппұлға ауыстырылды. Захаров Роман 434-бабының 1-бөлігі бойынша 5 АЕК айыппұл түрінде әкімшілік жазаға тартылды, бұл 12 625 теңгеге тең. Қаулы заңды күшіне енді", - деп хабарлады сотта.

Айта кетейік, бұған дейін Алматы көпірлерінің бірінде Конституциядан «Единственным источником госвласти является народ»деген үзінді жазылған плакат ілінген болатын. Плакаттың авторы Роман Захаров. Кейін ер адам ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабының 1-бөлігінде көзделген әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылды.