Алматыда ірі көлемдегі ақшамен бірге жоғалып кеткен әйел іздестірілуде

13 маусым, 11:00

Алматыда екі апта бойы Батура Мамедова іздестірілуде. 40 жастағы екі баланың анасы телефон арқылы туыстарына үйіне бара жатқанын хабарлап, өзі ізім-ғайым жоғалып кеткен, деп хабарлады КТК телеарнасы.

Үйге әдетте келіншек бірнеше сағатта жететін. Ол Алматыдан облысқа автобуспен және таксимен баратын. Туыстары әйелге шабуыл жасалған деп күдіктенеді. Ол сол күні өзімен бірге ірі ақша мен қымбат әшекейлерді алып шыққан.

"Онда көптеген алтын әшекейлер, жақсы, қымбат ұялы телефон болды. Және сөмкеде ол үйде қалдырғысы келмейтін ақша болды және кредиттік карточкалар болды. Сөмкеде аз ақша болмаған. Сәрсенбі күні бізде полиция болды, бейсенбі күні өтініш жаздық. Іле ауданы, Ащыбұлақ ауылында адамның жоғалғаны туралы өтініш жаздық. Іс Түркісіб ауданына берілді", - деді Батураның туысы Рагиля Рустамова.

Алматы полициясы департаментінде ақпаратты жоққа шығарды, іс Алматы облыстық ПД-де тергеуде.
Қазір Батураның туыстары еріктілердің көмегіне жүгінуге ниетті.