Алматыда ұшақ апатынан қаза болғандардың есімдері белгілі болды

27 желтоқсан, 13:40

Алматы қаласы маңында ұшақ апатынан қаза тапқан 12 адамның аты-жөні белгілі болды. Бұл туралы ақпараттыҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіні жария етті.

Комитеттің дерегінше, Денсаулық сақтау министрлігінің ресми дерегіне сәйкес оқиға орнында әуе кемесінің командирі Марат Мұратбаев (1962 ж), Николай Асташов (1971) ж, Рустам Қайдаров (1940 ж), Бауыржан Қалиев (1974 ж), Базархан Кәрібаев (1951 ж), Аршат Исина, Абай Нұрбеков (1986 ж), Сәния Аманжол көз жұмды. Ал Дана Круглова (1984 ж), Қайыржан Тұматов (1955 ж) Алматы әуежайында қайтыс болды. Имина Оспанова (1963 ж) мен Валерий Ануфриев ауруханада өмірмен қоштасты.