Алматы аймақтық гарнизонының әскери полиция басқармасының бастығы пара алды деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігіне сілтеме жасап Elitar.kz.
"Алматы облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі сыбайлас жемқорлық қылмысын жасады деп күдіктелген Алматы аймақтық гарнизоны әскери полиция отрядының жедел әрекет ету бөлімінің басшысына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады. Ол азаматтан Алматы аймақтық гарнизоны әскери полициясына жұмысқа орналастыру және оған әрі қарай қамқорлық жасау үшін 1 млн теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінді айыпталып отыр» делінген ведомство хабарламасында.
Күдікті өз кінәсін мойындады. Қорғаушысымен бірге сотқа дейінгі жеделдетілген тергеу туралы өтініш хат беруіне байланысты қамалған жоқ.