Алматыда сот төрағасы ұсталды (видео)

23 қаңтар, 11:30

Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының төрағасы пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі хабарлады.


«Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі ҚР Жоғарғы Сотының ішкі қауіпсіздік және соттардағы сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесіп Бостандық аудандық сотының төрағасын пара алды деген күдікпен ұстады. Ол арадағы делдал: сот отырысының хатшысы арқылы борышкер азаматтан Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге шығуына санкция үшін айтарлықтай мөлшерде пара алды деп күдіктеліп отыр. Ағымдағы жылдың 22 қаңтарында судьяға қатысты Бас прокурордың сотқа дейінгі тергеп-тексеруді жалғастыруға келісімі алынды», - делінген Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің хабарламасында.

Айта кетейік, ұсталған күдіктінің кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайтын болады.