Алматыда тұрғын үй өртеніп, 59 жастағы ер адам көз жұмды

16 қазан, 15:29

Оқыс оқиға кеше кешкі уақытта орын алған.

Төтенше жағдайлар комитетінің мәліметінше, өрт сөндіру қызметіне сағат 22:22-де Алатау ауданы Магаданская көшесіндегі жекеменшік үйлердің бірі өртеніп жатқаны туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына шұғыл жеткен құтқарушылар 25 шаршы метрді қамтыған өртті сағат 23:00 сөндірді. Оқиға орнынан 1960 жылы туған үй иесінің мәйіті табылды. Одан өзге 1987 жылы туған ер адам түрлі деңгейде күйік шалып, аурухунаға жеткізілді.