Алматыда екі ауылдық округтің экс-әкімдерінің үстінен іс қозғалды

27 қаңтар, 14:40

Сыбайлас жемқорлықпен күрес қызметінің баспасөз қызметінің мәліметінше, күдікке ілінгендердің қатарында Алматы облысы, Талғар ауданы Панфилов ауылдық округінің бұрынғы әкімі санаторийлік, су қорғау аймақтары мен ирригациялық желілерде жер учаскелерін бөлу кезінде қызметтік өкілеттігін теріс пайдаланды деген күдікке ілінді. 24 қаңтарда оған қатысты күзетпен ұстау санкцияланды. Сонымен қатар аталған облыстың Іле ауданына қарасты Байсерке ауылдық округінің бұрынғы әкімі мен әкімдіктің лауазымды тұлғаларының Жаңадәуір ауылындағы 10 га жер учаскесінің нысаналы мақсатын шаруа қожалығынан жеке қосалқы шаруашылыққа заңсыз өзгертуге қатыстылығы тексерілуде.

Бұл істер бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасуда. Олардың кінәлілік дәрежесі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.