Алматыда жас әйелді паркте буындырып өлтірген күдікті ұсталды

25 қыркүйек, 17:30

25 жастағы әйел азаматының денесі Түрксіб ауданындағы Щербаков пен Молдағалиева көшелерінің қиылысындағы саябақтардың бірінен табылған.

Қалалық полиция департаментіндегілердің мәліметінше, бұл оқиға қатысты ҚР ҚК 99-бабының 1-бөлімімен сотқа дейінгі бірыңғай тергеу ісі реестріне тіркеліп, полицейлер марқұмның кім екенін бірден анықтады.

"Сот медициналық сараптама қорытындысына сәйкес, оны буындырып өлтірген. Бұл қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 35 жастағы ер адам ұсталды. Ол Алматы облысынан келген, тұрақты мекенжайы жоқ тұрғын. Күдікті қамауға алынып, тергеу жұмыстары жүріп жатыр. Ер кісі өз кінәсін мойындады" делінген ведомство хабарламасында.

Айта кетейік, 35 жастағы ер азамат бұл қылмысын жасағанда ішімдікке сылқия тойып алғанын айтқан.