31 жастағы жігіт Алматы қаласындағы дүкендерді аралап, ондағы садақа жәшіктерін қолды етіп келген. Ал дүкен иелеріне өзін қайырымдылық қорының өкілімін деп таныстырған. Кейін белгілі болғаны, ол ешқандай қордың мүшесі емес екені анықталды. Күдікті төрт дүкеннің жәшігін алып, қаражатын бас пайдасына жаратқан. Садақа жәшігіндегі қаражат науқас балалардың еміне деп жиналған ақша болып табылады.
Алматы қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, күдіктінің басқа да қылмыстарға қатыстылығы тексеріліп жатыр. Оның үстінен ҚР ҚК 190-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша оқшаулағышқа қамалды. Айта кетейік, жас жігіт бұған дейін де сотты болған.