Лауазымды оңтайландыру шамамен 300 мың доллар үнемдеуге мүмкіндік берді.
"Алматы адалдық алаңы" жобалық кеңсесі қаланың қоғамдық денсаулық басқармасымен бірлесе отырып, мегаполистің кейбір медициналық мекемелерінде функциялардың қайталану жағдайларын анықтап, басшылық қызметтерді оңтайландыру жұмыстарын жүргізді.