Қайғылы оқиға 9 шілдеде орын алды. Алматыда көпқабатты үйдің пәтерінде терезелерді жуу кезінде қыз алтыншы қабаттан құлап кетті, деп хабарлайды inAlmaty.kz.
Туыстарының айтуынша, Аида Дәулетова № 7 қалалық аурухананың жан сақтау бөлімінде ауыр халде жатыр. Зардап шеккен адам есін жиған жоқ. Дәрігерлер оның өмірі үшін күресуде.