Оңай олжаға тап болған 28 жастағы алматылық жігіт көлігінде 1 млн теңгесін қалдырып кеткен әйел азаматын іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Elitar.kz.
Көлік тізгіндеген жас жігіт жолай қол көтерген әйел азаматын діттеген жеріне жеткізіп салады. Арада біраз уақыт өткен соң жүргізуші көлік ішінен әмиян тауып алады. Ашып қараса, ішінде 1 млн теңге болған. Енді жігіт қомақты қаржысын жоғалтып алған жолаушыны әлеуметтік желілер арқылы іздеуге көшкен. Айтуынша, егер әмиян иесі табылмаса, 1 млн теңгені қайырымдылық қорына аударамын деп бекініп отыр.