Алматының бас имамы коронавирусқа байланысты тұрғындарды той тойламауға шақырды

04 наурыз, 16:30

Бұл туралы дін өкілі Еркінбей Шоқай коронаирус мәселесі көтерілген брифинг кезінде айтты. Өз сөзінде Алматының бас имамы қауіпті дерт әлемді алаңдатып отырған ең өзекті мәселе екенін жеткізді. Осыған орай ол халыққа адам көп шоғырланатын жерлерге бармауға кеңес берді.

"Дәстүрлі шараларымызды да мүмкіндік болса кейінге қалдырғанымыз жөн. Той, ас, қонақ асы, садақаларымыз бар, оған шариғатта ешқандай тиым салынбайды. 40 күніне берілмесе де, осы жағдайға байланысты кейін берсе, Алланың құзырында ол қабыл болады. Сондықтан, меніңше, азаматтар бұған құлақ асу керек",-деді бас имам.