Америкалық бойжеткен желіге тоңазытқыш арқылы пост жүктеп, танымал болды

14 тамыз, 15:45

Кентукки тұрғыны Дороти есімді әйел ерекше тәсілмен танымал болды, қыз Twitter-де ақылды тоңазытқыштың көмегімен пост жариялады. Мұндай тапқырлықты Доротиден ешкім күтпеген еді.

"Бұл пост қалай жарияланатынын білмеймін, мен тоңазытқышпен сөйлесіп тұрмын. Қап, менің анам тағы да барлық электроникамды алып қойды", - деп шағымданды Дороти.

Қыз шамамен 67 мыңнан астам лайк жинады. Дороти, үйде өрт шығаруына байланысты интернетті пайдалануға тыйым салынғанын айтты. Тамақ дайындау кезінде ол YouTube-те видео көремін деп, үйді өртеп жібере жаздаған. Дороти желіге қосыла алмай іші пысқан. Сонымен қатар, ол абоненттерінің белсенділігі төмендеп кететін болды деп қорыққан.

Тоңазытқышты өндіруші компания болған оқиғаға түсініктеме берген жоқ, алайда, жергілікті БАҚ-тың мәліметтері бойынша тұрмыстық техникада жазбаны әлеуметтік желіге жіберу функциясы бар.