Валюта:
  • USD / KZT - 519.51
  • EUR / KZT - 611.83
  • RUB / KZT - 6.6

    Ақмола облысында 1936 жылғы тұрғын коронавирустан қайтыс болды

    13 сәуір, 14:42

    Ақмола облысында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Ол 1936 жылы дүниеге келген.

    Марқұм болған қарт кісі әлеуметтік қызметтер көрсету орталығының қамқорлығында болған.

    5 сәуірден бастап Көкшетау темір жол ауруханасының провизорлық стационарында карантинде жатқан.

    9 сәуірде Ақмола облыстық туберкулезге қарсы диспансерге емдеуге жатқызылды. Жағдайы өте ауыр, ИВЛ аппаратында болды.

    Диагнозы: ауыр дәрежедегі екі жақты жаппай пневмония, вирустық этиологияның жіті ағымы.

    Қосымша аурулары: артериялық гипертензия, жүректің ишемиялық ауруы.

    Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, елімізде коронавирус салдарынан қайтыс болғандар саны 12-ге жетті. Бүгінгі таңда қауіпті індетті жұқтырғандар 979 адамға жетсе, вирусты инфекциядан жазылып шыққандар саны 110-ға жетті.